Өзбекстан азаматы тасқын кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген

Өзбекстан азаматы тасқын кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген

Өзбекстан азаматы тасқын кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген
ашық дереккөзі
Өзбекстандық азамат су тасқыны кезінде каналдағы сумен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ағып келген. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті брифинг барысында айтты деп хабарлайды  ҚазАқпарат. Басқарма басшысының мәліметінше, өзбекстандық азамат кеше түнде канал жағасынан табылған. Белгілі болғандай, ол өзінің атымен бірге суға ағып кеткен. Сол судың ағысымен ол Мақтаарал ауданының Жеңісті ауылына жеткенде, тұрғындар оны байқап қалған. Сөйтіп оны жабылып жүріп судан шығарып алған. Марат Пашимовтың сөзінше, 50 жастағы ер адам Мақтаарал аудандық ауруханасына жатқызылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін түсте ол жағдайы жақсарған соң, ауруханадан шығып кеткен және Өзбекстанға кері қайтатынын жеткізген.