Африкада 1,7 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды

Африкада 1,7 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды

Африкада 1,7 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды
ашық дереккөзі
Африкада коронавирус құрбандарының саны 1691-ге жетті. Құрлықта 40 635 адам індет жұқтырған. Бұл туралы ДДСҰ-ның өңірлік өкілдігі мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. «Африка құрлығында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 40 мыңнан астам дерегі  тіркелді. Індеттен 1600-ден астам адам көз жұмды», - делінген өкілдіктің Twitter-дегі мәлімдемесінде. Құрлықта індет жұқтырудың ең көп дерегі ОАР-да (5951) анықталған. Сондай-ақ, Египет (5895), Марокко (4529)  және Алжирде (4154) вирустың таралуы өршіп тұр. Материктегі Нигерия (2170), Гана (2074)  және Камеруннен (2069) өзге мемлекеттерде індет жұқтырғандар саны 2 мыңнан аспаған. Коронавирустан көз жұму деректері жөнінен Алжир алда тұр. Онда 453 адам көз жұмған.  Египетте – 406, Мароккода – 171 адам қайтыс болған. Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 млн адамнан асып жығылды.  1 080 156 адам емделіп шықса,  дерті асқынған 239 566 науқас көз жұмды.