Оралда коронавирус жұқтырғандар ауруханадан кетіп қалмақ болған

Оралда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан науқастар үйге қайтаруларын талап еткен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 1 мамыр күні шамамен сағат 14.15-те болған. Отыздай адам емдеу мекемесінің ауласына шығып, өз беттерімен кетіп қалғысы келген. Бәріне COVID-19 диагнозы қойылғанына қарамастан, өздерінде ауру белгілері байқалмайтынын мәлімдеген.

«Медицина қызметкерлерінің талабына бағынбағаннан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Түсінік жұмыстары жүргізілгеннен соң сағат 14.45-те барлық емделушілер палаталарына тарады. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ», – делінген департамент мәліметінде.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі жағдайдың қалыпқа келгенін, көп ұзамай облыстық денсаулық сақтау басқармасы да мәлімет беретінін жеткізді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button