Әлемде коронавирус құрбандарының саны 233 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 233 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 233 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 256 570 адамға жетті.  Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында хабарланды. Соңғы дерек бойынша, дүние жүзінде індеттен 233 363 адам көз жұмған. Ал 1 014 524 адам емделіп шықты. Америка Құрама Штаттары вирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Онда 1 099 534 адам жаңа инфекцияны жұқтырды. Елдегі індет құрбандарының саны қазірдің 61 мыңнан асып жығылды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Испания тұр. Бұл елдің билігі 213 мыңнан астам инфекция жұқтыру дерегін тіркеді. Ал үшінші орында – Италия. Бұл мемлекетте 205 463 адам індетке шалдыққан. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3402-ге жетті. 866 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 25 науқас көз жұмды.