COVID-19: Еңбекшіқазақ ауданында тағы 8 науқас тіркелді

COVID-19: Еңбекшіқазақ ауданында тағы 8 науқас тіркелді

COVID-19: Еңбекшіқазақ ауданында тағы 8 науқас тіркелді
ашық дереккөзі
Кеше Еңбекшіқазақ ауданында COVID-19 инфекциясының 8 жағдайы тіркелді. Олар 23-56 жас аралығындағы азаматтар. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңадан тіркелген науқастардың бәрі де 15 сәуірде короновируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандар ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. Індеттің еш белгілері болмаса да, вирусологиялық тексеру қорытындысы оң болғандықтан, олар Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Соңғы дерек бойынша, Алматы облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 122-ға жетті. Ал елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 3138 адам болды. Вирус жұқтырғандардың 25-і көз жұмды. 819 адам емделіп шықты.