Birgemiz қорына 23,7 млрд теңге жиналды

Birgemiz қорына 23,7 млрд теңге жиналды

Birgemiz қорына 23,7 млрд теңге жиналды
ашық дереккөзі
2020 жылғы 27 сәуір, сағат 18.00-дегі жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шоттарында 23 745 387 525 теңге жинақталды. Бүгін қор есебіне қаражат «Жаңа Таңсәрі» ЖШС (12 500 000 теңге), «Bazis Construction» ЖШС (185 000 000 теңге), «Deluxe Construction» ЖШС (14 000 000 теңге), «Bazis A-Corp.» ЖШС (14 000 000 теңге) секілді заңды тұлғалардан келіп түсті. Қор шығыстары бүгінгі күні 18 759 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска (данасы 106,9 теңге) сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (152 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсетудің бірінші толқыны аясында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020). - 10 500 000 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (210 мың адам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсетудің екінші толқыны аясында жіберілді (24.04.2020 ж.).