221
Президент Nur Otan партиясының ТЖ кезіндегі жұмысын жоғары бағалады
Президент Nur Otan партиясының ТЖ кезіндегі жұмысын жоғары бағалады
Елімізде төтенше жағдай кезінде 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Мемлекет басшысының күрделі кезеңде белсенді қызмет еткен Nur Otan партиясының жұмысын жоғары бағалады.
«Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда», - деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті коронавирустың таралуына байланысты енгізілген карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады.
Өз мәлімдемесінде Мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтты.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы әуе тасымалы қайта жанданатынын хабарлады.