Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады. Бұл туралы қазақстандықтарға арнаған үндеуінде Мемлекет басшысы мәлімдеді.  «Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет. Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым», - деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. «Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.