Президент Алматы мен елорда арасында әуе рейстері қашан ашылатынын айтты

Президент Алматы мен елорда арасында әуе рейстері қашан ашылатынын айтты

Президент Алматы мен елорда арасында әуе рейстері қашан ашылатынын айтты
ашық дереккөзі
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе тасымалы қайта жанданады. Бұл туралы бүгінгі мәлімдемесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет. Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды. Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн», - деді Мемлекет басшысы. Президент ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болатынын айтты. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра бермек.