Президент: Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген басшылар жазаланады

Еліміз індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде қауіптің сейілмегенін айтты. 

«Коронавирус бүкіл әлемді жайлап келеді. Вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсіп бара жатыр. Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал. Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар», – деді Мемлекет басшысы.

Президент кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері көптігіне алаңдаушылық білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Онсыз болмайды. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін»,- деді Қ.Тоқаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button