Алматыда көз жұмған 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан емес – ДСМ

Алматыда көз жұмған 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан емес – ДСМ

Алматыда көз жұмған 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан емес – ДСМ
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қарттың өліміне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. «Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады. Осымен елімізде коронавирус инфекциясының кесірінен 25 адам көз жұмды», - делінген министрліктің хабарламасында.