Covid-19: Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан жазылып шықты

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші қазіргі уақытта облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​

«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылды», – деді Гүлнафис Таңбаева.​

Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр, аритмологтар мен кардиологтардың жіті бақылауында.​

Back to top button