Дәрігерлер мен журналистердің кәсіби құқықтары заңмен қорғалуы тиіс – сенатор

Сондай-ақ!

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға берді. "Қайрат, мені білесің ғой. Баяғы 2016 жылы Димаш Құдайбергенге үлкен концертте "шетелге...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылар...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 6% - ға қысқарып, 61 млн тоннаны құрады. 2020 жылға...

Бүгінде пандемияға айналған коронавирус індетімен әлем күресуде. Біздің елде қазіргі уақытта дертке шалдыққандар 2 мыңнан асқан болса, айыққандардың саны 500-ден асты. Індетпен күреске бүкіл ел жұмылуда, дегенмен кейбір маман иелерінің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Олардың қатарында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай мамандарымен қоса журналистер қауымы да бар. Осы орайда Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова осы сала мамандарына қатысты өз ойымен бөлісті.

«Қазіргі күні елде төтенше жағдай кезінде дәрігерлермен қатар журналистер қауымы да ел игілігі үшін маңызды жұмыстарды атқарып жатыр. Карантин болғанымен тіршілік жалғасады, сондықтан да тілшілер үй жағдайында болсын, жұмысқа барып болсын, жаңалықты дер кезінде таратуда. Оның үстіне қазіргі журналистер ақпарат берумен ғана шектелмейді, олар халықтың таным-түсінігіне оң ықпалын тигізеді. Сондықтан БАҚ өкілдері өз міндеттерін кәсіби түрде адал атқарып жатыр дегім келеді», деді А.Қапбарова.

Сенат депутатының пікірінше, БАҚ өкілдерінің жұмысы барысында белгілі кедергілер бар, сондықтан олардың кәсіби құқықтары заңмен бекітілуі керек.

«Тілшілер қауымынан құзырлы органдар мен мекеме басшылары олардың сауалдарына уақытылы жауап бермейді деген шағымдар түсіп жатыр. Ал мұндай жағдай олардың кәсіби қызметтеріне кедергі келтіреді. Соның салдарынан қоғамда нақтыланбаған, теріс ақпараттар тарауы да мүмкін. Журналистерге полиция қызметкерлері сияқты карт-бланш берілмейді, бұл да өз кезегінде олардың жұмысы барысында айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан оларға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетіп кәсіби құқықтары заңмен қорғалуы тиіс», дейді ол.

Сенатор сондай-ақ, бүгінде айтулы індетпен күресіп жатқан ақ халатты жандардың мәселесін көтерді.

«Дәрігерлердің де мәселесі өз алдына бір бөлек. Бүгінде дәрігерлердің құқықтары қорғалмағанын көрсететін жағдайлар бар. Оған дәлел – кейбір жергілікті жерлерде медицина қызметкерлерінің қарапайым сақтану құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілмеуі, санитарлық ережелердің сақталмауы және жергілікті атқарушы органдардың іске салғырт қарау жағдайын көріп отырмыз. Осы орайда дәрігерлерді заңдық, құқықтық тұрғыдан қорғау қажеттігі туындап отыр. Әрине, қазір дауласатын уақыт емес, елдегі жағдай дұрысталған соң бұл мәселені қолға алып, өз шешімін табады деп ойлаймын», деді сенатор.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын...
Қайрат Түнтеков

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...