Тұтқындар тарихы

Сондай-ақ!

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының неліктен ғылыммен айналысқысы келмейтінін айтты. Сергей Пеннің айтуынша, басты себеп – ғалымдардың жалақысының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды, – деп жазды Polisia.kz. 28 қараша күні Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық...

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз жұмыс істеген. Мектеп оқушысы қазан айында зауытқа жұмысқа орналасқанымен, артынша қолын станокқа...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-5 сынып оқушылары үшін сабақ...

Жақында Ұлы Отан соғысы жеңісіне 75 жыл толады. Соғыстың тұтқынсыз бол­майтынын ескерсек, бұл соғыста миллиондардың тағдыры концла­герь­лерде өтіп, әскери тұтқындардың тәніне де, жанына да жазылмас жара салды. Тұт­қындар мәселесі И.Сталин дәуірінен кейін басты тақырыптардың бірі­не ай­нал­ды. Қазақстанда да жау қолына түсіп, тұт­қындар тозағынан өткен адам аз болмады.

 Тұтқынға  түскен кеңестік әскерилер саны

 Кеңес Одағы мен Германия ара­сында ұрыс майданы бас­талғаннан Қызыл Армияның көп­теген жауынгері мен коман­дир­лері әртүрлі себептермен жау­дың қоршауына түсті. Тұтқынға түс­­кендер қатарында қазақ­стан­дықтар да аз болмады. Олардың көп­шілігі қиян-кескі ұрыстарда жа­­рақат алғанына немесе сырқат­та­нып қалғанына, оқ-дәрі, отын және азық-түліктің таусылуына не­месе қоршауда қалуына бай­ла­нысты жаудың қолына түсіп қал­ды. Кеңестік әскерилердің басым көп­шілігі соғыстың алғашқы жыл­дары неміс әскеріне тұтқынға түс­кен. 1941 жылдың 22 маусымынан 1942 жылдың 10 қаңтарына дейін әскери тұтқындар саны 3,9 млн адам болса, олардың 0,4%-ын, яғни 15,2 мыңын офицерлер құраған. 1942 жылдың басында лагерьлерде олардан 1,1 млн адам қалған. 1943 жылы − 487 мың, 1944 жылы − 203 мың, 1945 жылы 40,6 мың адам тұт­қынға түскен.

Ресейлік ресми деректерде әскери тұтқындардың саны 4,559 млн адам деп көрсетілсе, шет­елдік зерттеушілердің көп­ші­лігі тұтқындардың саны 5,7 млн, ал олардың ішінде қаза тапқандар саны − 3 миллионнан астам адам. Олар­дың тұжырымы неміс әскер­лері штабтарының құжаттарына негізделгендіктен, осы тұжырым шындыққа жанасады. Тұтқыннан 1 836 562 адам босап қайтты. Олар­дың ішінде 1 миллионға жуы­ғы әскери қызметін одан әрі жал­ғас­тыруға, 600 мыңы еңбек ба­тальон­дары құрамындағы өнер­кә­сіп­те жұмыс істеуге, 339 мыңы (оның ішінде 233,4 мың бұрынғы әс­кери қызметшілер) – Ішкі істер Халық комиссариатының (НКВД) лагерьлеріне аттандырылды.

Қазақстандағы соғыс мәсе­ле­сімен айналысатын зерт­теу­­шілер мәліметі бойынша, ша­мамен 200 мыңдай қазақстандық жауынгер тұтқынға түскені айты­ла­ды. Ал тұтқындардың ұлттық құра­­мына қатысты анықталғаны со­ғыс аяқталған соң, елге қайтқан со­­ғыс тұтқындарының қатарында 23 143 қазақ болған деп көрсе­ті­леді.

Тұтқындар туралы халықаралық конвенция

 Фашистік тұтқында болған кеңес жауынгерлерінің қиын жағдайына гитлерлік бас­шы­лық КСРО-ны айыптады. Өйт­кені КСРО 1907 жылғы «Құрлықтағы со­­­ғыс­тың заңдары мен талаптары» ту­ралы Гаага конвенциясын мойын­дамады және әскери тұт­қын­дардың құқықтық мәртебесін анықтайтын 47 ел қол қойған 1929 жылғы Женева конвенциясына қосылмады деп түсіндірді. Женева кон­венциясында соғыс тұтқын­дары туралы заңдық талаптар көр­­­­­сетілді. Онда соғыс тұтқыны­ның беталды азапталуына жол берілмеуі, тұтқындарды қорғаудың бел­гілі бір халықаралық-құқықтық мін­деттерінің сақталуы, соғысушы ел­дердің үкіметтеріне соғыс тұт­қындарын қорғау ережелерін бұз­ғаны туралы бір-біріне айып тағуға мүм­кіншілік берілуі, Қызыл Крест қо­ғамы арқылы арыздануға, дәрі-дәр­мек алуға және т.б. қарас­ты­рылды. Ал КСРО-ның конвенцияға қол қоюдан бас тартуы кеңес тұт­қын­дарын Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегінсіз қалуы­на және фашистердің ша­ма­дан тыс азаптауына мүмкіндік бер­ді.

Кеңес Одағы соғыс тұтқын­дары мәселесiнде ең соңғы, жаңартылған және мемлекеттердiң басым көпшiлiгi қолдаған Женева ке­лiсiмiн қолданғысы келмедi. Оның орнына КСРО мемлекеттік қор­ғаныс комитетінің төрағасы И.Сталин 1941 жылы 16 тамызда №270-бұйрыққа қол қойды. Бұл бұй­рық бойынша кеңес әскер­ле­рі­не тұтқынға түсуіне тиым салын­ды. «Тұтқынға түсіп қалу жағдайы туын­дағанда ондайларды коман­дир­лер мен комиссарлар сол жерде атып тастауы қажет» деген тапсыр­ма берілді.

Алайда Кеңес өкіметінің Же­нева конвенциясынан мүл­де бас тартуы фашистер үшін өте қолайлы сылтау болды. 1941 жыл­дың 8 қыркүйегiнде кеңестiк тұт­қын­дарға өте қатал түрде қарау, оларға ешқандай аяушылықтың болмауы туралы фашистер әске­рi­не де бұйрық келдi. Екінші дүние­жүзі­лік соғыс кезінде Шығыс май­дан­дағы КСРО-да, Германия да Гаага және Женева конвенция­ла­рының талаптарын сақтамады.

Тұтқындар тұрақтаған лагерьлер

Әсіресе, тұтқынға түскен ал­ғаш­қы күндер мен айлар тұт­қындар үшін аса қиын, ауыр бо­л­ды. Бастапқыда олар дивиз­ия­лық жинақтау бекеттеріне, содан соң «дулагтарға» (айдауға жөнел­те­тін аралық лагерьлер) жинақталды. Содан соң қатардағы жауынгерлер мен кіші командирлер «шталаг­тар­ға», ал офицерлер «офлаг» деп ата­ла­тын арнайы лагерьлерге жө­нел­тілді. Ал «шталагтар» мен «офлаг­тар­дағы» әскери тұтқындар кон­центрациялық және жұмыс ла­герьлеріне айдалды. Әскери тұт­қын­дардың саны аса көп болған кезеңде Остланд, Украина, Польша генерал-губернаторлығы, Австрия, Чехословакия, Германия, Норвегия, Финляндия және Румыниядағы рейхскомиссариаттардың аума­ғында әскери тұтқындарға арнал­ған лагерьлердің саны 2 670-ке жуық болды. Кейінірек тұтқындар топтастырылып, неміс әскері ба­сып алған бүкіл Еуропа аумағына та­ратылды.

Әсіресе, Смоленск, Каунас ла­г­ерьлерінде, сондай-ақ Бяла-Подляска, Бобруйск, Иван-город, Кельце, Острув-Мазовецки жә­не басқа да елді мекендердің тү­­бінде орналасқан лагерьлерде жағдай аса қиын болды. Острув-Ма­зовецки қаласы маңындағы бір лагерьде ғана 1941 жылы күзде ажал құшқан әскери тұтқындар­дың саны тәулігіне 1 000 адамға дейін жетті. Ал немістердің құжат­тарындағы деректер соғыс бас­тал­ған күннен 1942 жылы жазға дейін­­­­гі аралықта күн сайын 6 мың­ға жуық кеңестік әскери тұт­қын қаза тапқанын көрсетеді. 1941 жылы 14 желтоқсанда оккупацияға түскен шығыс аумақтарының рейхсминистрі А.Розенберг Гит­лерге: Украинадағы лагерьлерде «аштық нәтижесінде күнделікті 2 500-ге жуық әскери тұтқын қайтыс болады» деп мәлімдеді.

Немістердің әскери тұт­қын­дарға арналған лагерьлері белгіленген халықаралық норма­лар мен конвенцияларға сай кел­ме­ді. Соғыстың алғашқы жылдары тұт­қындар жай ғана далада, тікенді сым­нан жасалған қоршауда ор­на­ласты. Кейбірде олар мал қора­лар­ға, қоймаларға, фермаларға, ста­дион­дарға, жарылыстан бұзылған ка­зармаларға және тіпті шіркеу­лер­ге қамалды. Күн суыған кезде олар жерге ін қазып, сол індерге жа­татын болды. Кейіннен, 1942 жы­лы Германия жұмыс күшіне мұқ­таж болғаннан бастап тірі қал­ған тұтқындардың жағдайы жақ­сара бастады, яғни олар от жағыл­майтын болса да, жатын орындары бар жабық жайларға орналастыры­лып, олардың күндік тамақтану мөл­шері 2 540 калорияға дейін артты. Фашистік лагерьлердегі кеңес­тік әскери тұтқындардың өлімі 57,8%-ға жетті.

Тұтқындарға  жасалған зорлық пен қорлық

Тұтқынға түскен Қызыл әс­кер жауынгерлері мен ко­ман­дирлерінің тағдыры әрқилы бол­ды. Немістің әскери қызмет­кер­лері ызаланған кезде немесе жай көңіл көтеру үшін болмаса жинақ­тау бекетіне апаруға ерінгендіктен ғана әрбір тұтқынды ешбір заңды жауапкершіліксіз ата салуы мүмкін болған. Соғыстың алғашқы күндері ғана емес, кейіннен де тұтқынға тү­сіп қалған жауынгерлерді негіз­сіз, себепсіз өлтіру жағдайлары көп болған. Тұтқында озбырлық, зор­лық пен қорлық, тіпті хайуан­дық жиі кездескен. Мысалы, 1942 жылы қырым трагедиясының бір куә­гері мынадай суреттеме берген: «Тұт­қындар өткен жердің үсті тол­ған қан, өлген және өлтірілген мәйіт­терге толы болған».

Әскери тұтқындар терең тыл­ға платформасы ашық те­мір­жол вагондарымен және жа­бық тауар вагондарымен тасы­мал­данған. Оларды малға ұқсатып, 40-50 адам сыятын бір вагонға 80-100 адамнан кіргізген. Ол вагон­дарда не жатын орын (төсек), не пеш, не су құйылған ыдыстар, не қол жуғыш, тіпті дәретханалар да бол­маған. Жол бойы адамдарға та­мақты өте сирек берген, 3-5 тәу­лік бойы аш болған. Жазда тұт­қын­дар ыстық пен оттегінің жетіс­пеу­шілігінен қысылса, қыста суық­тан тоңып, қатып жатқан. Стан­ция­ларға барып жеткен эшелон­дар­да ондаған, тіпті жүздеген мәйіт­тер болған. Поляк тарих­шы­сы Ш.Датнердің пікірінше, «та­сы­малдау кезіндегі шығынның» 200-250 мыңы кеңестік әскери тұт­қын­дары құраған.

Жүздеген шақырымды жаяу жүріп, аш-жалаңаш болса да, тірі қалған тұтқындар әскери тұрақ­ты лагерьлерге барып, тағы да сынаққа түсті. Олардың өмірі кө­­бінесе күзетшілердің іс-әрекет­тері­не байланысты болды. Ал кон­центрациялық лагерьлерде күзетті СС әскері жүргізді. Көптеген жағ­дай­да әскери тұтқындардың ара­сын­да болып жатқан жағдайды ұғып-түсініп жатпай-ақ, автоматты қару­дан оқ атқан, топтасқан адам­дардың арасына гранат лақтырған, кейде тіпті көңіл көтеру үшін олар­ды негізсіз өлтірген. Соғыстың соңғы кезеңінде де Германияның түпкі аймақтарына эвакуациялау кезінде көптеген әскери тұтқындар неміс жауынгерлерінің жауыз­ды­ғынан қаза тапқан. Әскери тұт­қын­­дарға арналған неміс лагерь­ле­рін­де 1941 жылдың соңы мен 1942 жыл­дың басында орын алған аш­тық­тан адамдар шөп, құрғақ жа­пы­рақ, ағаштардың қабығын, өл­ген жануарлардың етін жеп, түр­лі қор­лықтарға көнген.

Түркістан  легионы

Фашистер Кеңес Одағы ха­лықтары арасында орыс емес ұлттардың соғыс тұтқын­д­а­ры­­на сүйене отырып, этникалық араз­дықты қоздыруға тырысты. 1941 жылдың күз айының басында не­­міс лагерьлерінде кеңес әскери тұт­­қындарына арналған комис­сия­­лар құрылып, Қызыл Армия­ның «түркі-мұсылман» әскери тұт­­қындарының тізімі жасалды. Түр­­кістан легионын құру туралы бұй­­рық 1941 жылы 17 желтоқсанда шы­ғарылды, легион құрамына түрік­мендер, өзбектер, қазақтар, қыр­ғыздар, қарақалпақтар қабыл­данды. 20 желтоқсанда А.Гитлер неміс армиясында бұрынғы КСРО азаматтарынан славян емес ұлт­тар­дың қарулы құрамаларын құру­ға рұқсат берді. 1942 жылдың ба­сын­­да ең алғашқы Түркістан ба­тальондары құрылып үлгерді.

Ең алдымен оларға Кеңес Ода­­ғының саны аз халықта­ры­ның – Орта Азия, Кавказ ұлтта­ры­ның, сондай-ақ Поволжье, Урал және Крымды мекендейтін, ислам ді­ніндегі халық өкілдері кірді. Не­міс-фашист қолбасшыларының пи­ғылы ұлты орыс емес әскери тұт­қындарға сүйеніп, Кеңес Одағы ха­лықтарының арасына іріткі салу еді. Адам төзгісіз жағдайларға тап бол­ған лагерьлердегі тұтқындарға ле­гиондарға қатысу туралы ұсы­ныс жасалды. Қатысқандарға ыс­тық тағам беріліп, жылы киім үлес­­тірілетіні, қорлықтан құтқа­ры­латыны және т.б. мүмкін­шілік­тер жасалатыны ескертілді. Тұт­қын­дардың бір бөлігі бұл уәдеге сен­се, қалған бөлігі сенбесе де ла­герьде қиналып өліп кеткенше, тірі қалудың амалы үшін легионға қа­тысуға келісім берді.

Неміс тарихшысы И.Хоф­фманның пікірінше, бүкіл со­ғыс кезеңі ішінде неміс армия­сын­да 90 батальон болған, соның ішін­де 26 Түркістан батальоны (20,5 мың адам), 15 Әзірбайжан ба­тальоны (36,6 мың адам), 13 гру­зин батальоны (19 мың адам), 12 армян батальоны (7 мың адам), 9 солтүстік кавказдық батальон (15 мың адам), крым татарларының 8 батальонында (10 мың адам), Вол­га татарлары және Поволжье мен Уралдың халықтары біріктірілген 7 батальонда (12,5 мың адам) бол­ған. 1942 жылы «А» тобындағы ар­миялардың іс-әрекет аймағында 5 мың адамнан калмақ кава­ле­рия­лық корпусы құралған. Қарулы бө­лімдермен қатар вермахт құра­мын­да марштарды толықтырудың негізін құраған 11 тұрақты ба­тальон, сондай-ақ 15 запастағы, құ­­­­рылыс және көлік батальоны және 202 жеке рота (атап айтқанда, 111 түркістандық, 30 грузин, 22 ар­мян, 21 әзірбайжан, 15 татар жә­не 3 солтүстік-кавказ ротасы) бол­ған. 162-ші (түркі) жаяу әскер ди­ви­зиясы құрамының бір бөлігін осы бөлімшелер құраған.

Соғыс тақырыбының ма­ма­ны, тарихшы ғалым Қ.Ал­да­жұма­новтың еңбектерінде: «КСРО-ның Еділ бойы, Қазақстан, Орта­лық Азия және Кавказ ұлттарынан 310 мыңнан 325 мыңға дейін же­тетін адамдар Шығыс легион­да­рын­да болған. Таратып айтсақ, олар­дың қатарында: 180 мың өз­бек, қазақ, қырғыз, ұйғыр, тәжік, тү­рікмендер, Солтүстік Кавказ ұлт­тарынан 28-30 мыңдай адам, 20 мыңдай грузин, 18 мыңдай армян, 25-55 мыңдай әзірбайжан, 40 мың­дай татар, башқұрт, чуваш, мордва, удмурт, марилер осы Шығыс ле­гион­дарының сапынан өткен» де­ген мәліметтер айтылады.

 Тұтқында болған әкемнің естелігі

Әкем Санабай Сайланов 1939 жылы қызыл әскер қа­­­тарына шақырылып, екі жыл По­льша маңайында қызмет еткен. Елге қайтар кезде, 1941 жылы со­ғыс басталып, Белосток-Минск май­данында фашист басқын­шы­лары­ның қолына тұтқынға түседі. Тө­беден төніп, қарғаша қаптаған не­міс ұшақтарының атқылауы бұ­ларға соғысуға мұрша бермейді. Ар­тынша бақайшағына дейін қаруланған немістің моторлы-жаяу әскері бұларды тырп етуге мұр­ша бермей, Белосток облысы ау­ма­ғында қолға түсіреді.

Кеңестік тұтқындардың көп­шілігі соншалықты неміс­тер алғашқы кезде оларды қайда сый­ғызарын білмеген. Алғашында те­мір сыммен қоршалған ашық алаң­­да мыңдаған кеңестік тұтқын­дар­дың арасында өзінің болғанын, иін тіресетін жер болмай қысы­лып-қымтырылып жатқандарын, орнынан тұрған адамның қайта өз орнын таппай қалатынын еске ала­тын. Сол жерде, одан кейінгі ла­герьлерде тұтқындар аштықтан, шөлден, аурудан және азаптан мың­дап қырылған. Кейіннен олар­ды Германиядағы лагерьлердің бі­ріне әкелген. Аяқтарына ағаш бә­тің­ке кигізген. Мұстафа Шоқайдың әс­кери тұтқындарды аралап, олар­дың алдында сөз сөйлегені рас бол­ғанымен, әкем оны тікелей көр­меген. М.Шоқаймен қатар тұт­қын­дар арасында Уәли Каюмхан есі­мі жақсы жайылған. Тұтқында­ғы­лардың мақсаты жан сақтау бо­лып, егер майдан даласына шы­ғып жатсақ, жан пида етіп кеңес жағына өтіп кетеміз деген ой еді. Бұл жерде өмір мен өлімнің қатар қақ­тығысқа түскен кезі болды. Әкем­нің айтуынша, олар 1943 жыл­дың басындағы ұрыстың бірін­де аман қалғандары кеңестер жа­ғына түгел батальон болып өтіп кет­кен.

Тұтқындар тарихы

Қазіргі мұрағат құжат­та­рын­дағы мәліметтерге қарасам, әкемді кеңес өкіметі 1943 жылы 2 сәуірде тұтқындағаны жазылып тұр. ІІХК-ның сол жылғы 11 жел­тоқ­сандағы айрықша мәжілісінің ше­шіміне сәйкес КСРО заңының 58-бабымен соттаған. Сонда қолы­на қару ұстап, Отан қорғауға бар­ған әкем және оның қаруластары тұт­қынға түскені үшін осы баппен сот­талып кете барды. Сотталып Мор­доводағы еңбекпен түзеу ла­геріне айдалды. Әйтеуір елге аман орал­ды. Ол кейіннен 1963 жылы 22 маусымда Еділ әскери округінің әс­кери трибуналы шешімімен ақ­талды.

Соғыстан  кейінгі тұтқындар тағдыры

1944 жылы Кеңес Одағына орал­­ған әскери тұтқындардың ағы­ны күрт өсті. Осы жылы жазда бар­лық елге оралған тұтқындарды сүз­гіден өткізу мен тексерудің жаңа жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қауіп­сіздік органдарымен тексе­ріл­ді. Тұтқыннан босатылған кеңестік азаматтар 1944 жылдың соңынан 1950-жылдардың ортасына дейін Отанына қайта оралған. КСРО Ха­лық комиссарлары кеңесінің жауын­­герлерді өз еліне қайтару ісі жө­ніндегі уәкілетті басқар­ма­сының мәліметтері бойынша, 1945 жылы қазан айында босатылған кеңестік әскери тұтқындардың есепке алынғандарының жалпы саны 2 016 480 адамды құраса, оның ішінде 1 730 181 адам Гер­ма­н­ияда және өзге елдерде, тағы 286 299 адам жау басып алған одақтас республикалардың аумағында бол­ды. Сонымен қатар 1947 жылы олар­дың 1 836 мыңы, соның ішін­де жаудың әскери және полицай қыз­метіне кіргендер де Отанға қайта оралған деген мәлімет те бар. Олардың тағдырлары әрқилы бол­ған. Біреулері қамауға алынып, сот­талып кетсе, тағы біреулері 6 жыл­ға арнайы қоныстарға жөне­л­тілген, кейбіреулері еңбек армиясы батальондарының құрамына кір­ген. Сонымен бірге 1946 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 300 мың бұрынғы тұтқын үйлеріне жіберілген. Кеңестік және ресейлік әскери тарихшы Г.Кривошеев ІІХК мәліметтеріне сүйене отырып, тұт­қыннан оралған 1 836 562 жауын­гер­дің 233 400-і жаумен ынты­мақ­тастық жасады деген айыппен сот­талғанын және Гулаг жүйесінде жазасын өтегенін айтады.

Сайып келгенде, тұтқындар со­ғыстан кейін өзін күтпе­ген, сенбеген Отанына оралды. Олар­ды тексеріп, лагерьлерде ұс­тап, тексергеннен және адалды­ғы­на көз жеткізгеннен кейін еркін­дік­ке жіберді. Енді біреулер Ота­нында күтіп тұрған ащы тағдырды сезіп, жат елде қалып қойды. Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мем­лекеттің, екі диктатордың ара­сында көселген отқа күйді, жан­дары жаншылып, қорғансыз күй кешті.

Болат САЙЛАН,

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,

тарих ғылымдарының докторы,

Ауған соғысының ардагері

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Жаңа қаулы: карантин шаралары күшейді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының...
ғалымдардың жалақысы

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды,...
мүгедек болып қалды

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...