Биыл 200 мың жұмыс орны ашылады

Бүгін өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның автожол инфрақұрылымын реконструкциялаудың алдағы жоспарына тоқталып өтті. 

Биыл жұмыс көлемі 2019 жылы жүзеге асырылған көлемнен 4 есе асып түседі. Осы жылдың соңына дейін 4 000 шақырым асфальт жол төселеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Премьер-Министрге 1,5 мың шақырым жолда күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетінін айтты.

А.Мамин жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, құрылыс маусымын тиімді өткізуді тапсырды.

Осы орайда, биыл барлығы 200 мың жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.

Back to top button