Алматыдағы азық-түлік дүкендерін тонап жүрген шетелдіктер ұсталды

Алматыдағы азық-түлік дүкендерін тонап жүрген шетелдіктер ұсталды

Алматыдағы азық-түлік дүкендерін тонап жүрген шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда Грузия және Әзербайжан азаматтары азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен. ҚазАқпарат қылмыстық топта 3 шетелдік болғанын жазды.  Қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, олар тек азық-түлік дүкендеріндегі ұрлықпен айналысқан. «Қылмыстық топ түн ішінде шағын дүкендерді тонаған. Кей жағдайда дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндірген. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзербайжан азаматтары екендігі анықталды, тағы біреуі – біздің жерлесіміз. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Бұл істі Алатау аудандық полиция басқармасы алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.