Көкшетауда вагон рельстен шығып кетті (видео)

Көкшетауда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды  Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, теміржол апаты бүгін 19 сәуір таңертең сағат 11:00-де болған.

«Жүк пойызының құрамын орнынын ауыстыру кезінде теміржолдың қиғаш тұсында 66 вагоннан тұратын құрам рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталу үстінде», – деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Back to top button