Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды.Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Бүгіннен бастап Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 10 қаулысы күшіне енеді. Соған сай, Қызылорда қаласы, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блокпосттар орнатылады. «Сәйкесінше карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі. Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 143 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды . Оның 21-і қауіпті індеттен толық хазылып шықты .