Әсет Қанапиянов: Мемлекет қолдамаса, біздің кәсібіміз де алға баспас еді

Сондай-ақ!

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Нью-Йорктегі XXXII ЛГБТ кинофестивалінің «үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша бас...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, індетке шалдыққан балалардың 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды 24.kg. Бішкекте өткен Конституциялық кеңесте Қ.Қошалиев мемлекет атауын «Қырғыз Халық Республикасы» деп өзгерту...

Қазіргі күрделі жағдайда қоғамның қай саласына бол­ма­сын, оңай болып тұрған жоқ. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласындағы науқан­дық маңыз­ды жұмыстарды тоқтатуға тіптен болмайды. Төтенше жағдай кезінде мемлекетіміз ауыл шаруашы­лы­ғын­дағы кәсіпкерлерге  айрықша назар аударып отыр.  Мемлекет бас­шысы бұл салаға 70 миллиард теңге бөлінетіні жайлы жа­қында ғана атап өткені ел есінде. Біз көктемгі қауырт жұмыс ке­зіндегі жағдайды біл­мек мақсатта Ақмола облысы, Ерей­ментау ауданында мал шаруа­шылығымен айналысатын кәсіп­кер Әсет Қанапияновқа ха­бар­ласып, жағдайларын білген едік. 

– Әсет мырза, ежелден «мал-жан аман ба?» деп аман­­­­­дық-саулық сұра­са­тын халықпыз. Шаруа­ла­рыңыз қалай, қыстан қы­сыл­­май  шықтыңыздар ма?

– Рақмет, мал-жан аман. Шаруа­­­­­мызға келсек, дәл қазір мал жайылымға шықты, ауа райы да қуантып тұр. Биылғы қыс аса бір жайлылығымен есте қа­­латын болды. Аздап боранды күн­­дері болғанымен, мал-жан­ның берекесін қашырған жоқ. Қар көп болды. Жылқы малына біраз қиындау болғанымен, жем-шөп­ті артығымен даярла­ған­дық­тан, ол қиындықтардың да ал­дын алдық.  Қардың көп­тігі­не де қуандық. Себебі жердің құ­нарлылығы артса, мал да бұл жыл­­дан күйлі болатынын біле­міз. Бастысы, мал шы­ғы­ны­сыз қыс­тан аман-есен шыққанымыз­ға қуаныштымыз. Мал жақсы тө­л­деді, әлі де төлдеп, басы кө­­­бейіп жатыр.

– Жеке шаруа қожалық болып өз ісіңізді қашан бас­­тадыңыз? Біраз өткен­ге оралайықшы, мемлекет та­рапынан ауыл шаруа­шы­­лығына беріліп жат­қан мүмкіндіктерді пайда­лан­дыңыз ба, жоқ әлде кәсібіңіз өз қара­жа­тыңыз­бен аяғынан тұрды ма?

– 1996 жылы біздің Қойтас кең­шарымыз бөлініп таратылды. Сол кезден бері міне, 24-тен 25 жыл­­ға аяқ басыппыз. Мал шаруа­шылығы мен ауыл шаруашылы­ғы­ның барлық қыр-сырына қа­нып келемін. Әуелде әкеміз екеу­міз 545 гектар жер алып, қолда­ғы бар малдың санын көбейтіп алуға жанымызды салдық, 100 гек­тардай жерге егін ектік. Бәрі бір­ден жақсы бола қойды десем өті­рік болар, бастапқы онжыл­дық­та әжептәуір қиналдық. Со­дан мен 2006 жылы мемлекеттен 1 млн 920 мың теңге несие ал­дым. Оған 30 бас ірі қарадан тайын­ша сатып алып, содан ақы­рындап мал басын өсірдім. 2011 жылы «Аграрлық несие кор­порациясынан» 15 млн теңге не­сие алдым. Ол қаражатты бір­ден бір жарым жасар 80 бас сиыр сатып алуға жұмсадым. Кейін 2016 жылдан бастап тағы да мемлекет қолдауына ие бо­лып, 125 млн теңге мөлшерінде несиеге қол жеткіздім. Оған шаруа­ға қажетті техникадан 4 МТЗ 80 тракторын, шөп буғыш, шөп шапқыш техникаларды, жүк тасушы КаМАЗ, жүк артқыш тех­ника түрлерін алдым.  Себебі қыруар малдың жем-шөбін өзге­ден сатып алмай, өзім табуды ұй­ғар­дым. Дәл сол уақытта 270 ұрық­тандырушы  қара мал да са­тып алдым. Соның нәтижесін­де мен бүгінгі таңда сауынды ақ бас сиырдың санын 575-ке, қа­ра­пайым аналық сиыр басын 180-ге, барлығын қосқанда ірі қа­раның басын 800-ден арт­ты­рып отырған жайым бар. Жылқы санын 550-ге жеткіздім. 1 000 бас қойым болған еді, оны сатып жі­бердім, қазір қой ұстамаймын. Сіздің нақты сұрағыңызға нақты жауабым осы болсын. Себебі шаруа­­­­шылықпен айналысқан ел азаматтарын мемлекет қол­дама­са, біздің кәсібіміз де алға баспас еді. Несиені мезгілінен қалдыр­май төлеп келемін. Үкіметтен жы­лына 15 млн  теңгеге жуық суб­сидия аламын. Әрбір аталық  сиыр­ға 20 мың теңгеден Үкімет жы­лына ақша бөледі. Ал жер­гі­лік­ті сиырларға 10 мың теңгеден 2 миллионға жуық қаражат тағы беріледі. Одан қалды әр техника басы есептелінеді. Соның бәріне шаққанда мөлшерлік пайызы қалта көтеретіндей субсидияның бе­ріліп жатқанына дән ризамыз. Қа­зір 12,5 мың гектар жайы­лым­дық  және  400 гектардай ша­бын­дық жерім бар. Мал басы шү­кір, өсіп келеді, Үкіметке еш өк­пеміз жоқ. «Мал – баққанға біте­ді» дейді ғой, ерінбеу керек. Қол­дау барда, қолға жұмыс та бар.

– Дәл қазіргі елдегі жағ­даймен таныссыз, ден­сау­лықтың бар байлықтың алды екенін енді аңғарып жат­қандай кейіптеміз. Жер бетіндегі бар халық­тың әлеуметтік хал-ахуа­лын әлсіретуге себеп бо­лып отырған бұл күндер сіз­дерге қалай әсер етіп жа­тыр? Қанша адамды жұ­мыс­пен қамтып отырсыз, жұ­мыскерлер санын қыс­қар­ту ойыңызда бар ма?

– Менің шаруа қожалығымда 12 адам жұмыс істейді. Оның үшеуі жылқышы, алтауы қара мал­да, 3 тракторшы қыстыгүні қыз­метін атқарады. Өзіммен 13 адам. Жұмыскерлер саны артық емес, сондықтан қысқарту бол­май­­ды. Биыл жылдағыдай Үкі­мет­­ке жаңа төлден 150 бас  ірі қа­раны сатуды жоспарлап отыр­мын. Бүгінге дейін жылда осылай Үкі­метке ет өніміне малды өт­кі­зіп келдік, сол жұмысымызды та­ғы да жалғастырмақпыз. Мал ба­сын  азайту да ойда жоқ, ке­рі­сін­ше, аналық малды арт­тыруды жос­парлап отырмын. Бір толған­дыратын мәселе – біздің енді жыл­да төлеп жатқан несиеміз бар ғой, соған сәйкес күзгі уа­қыт­та мал тапсыруымыз керек. «Сол жағы биыл қалай болады екен, етке өткізе аламыз ба, жоқ па?» деп ойланып отыр едік, бі­рақ Президенттің осы «ауыл шаруашылығын айрықша қол­дау қажет» деген мәлімдемесі біраз қуантып тастады. Себебі «енді сырттан ештеңе келмесе, жер­гілікті халық ауыл шаруашы­лығы өнімдерін тұтынуда сұра­нысты көбейте ме?» деген  үміті­міздің бары рас. Қазір тек елдің амандығына алаңдап, індеттің беті қайтып, карантин тезірек аяқ­талып, жолдардың ашылуын ғана күтіп, тілеп отырған жайы­мыз бар. Әйтпесе, ауылымызда мал азығы да, жан азығы да жет­кі­лікті. Жұмысшыларымның жа­­­лақысын төлеп жатырмын, оған жағдайымыз бар. Қысты­гү­ні әр жұмыскеріме шаруа қож­а­лы­ғы атынан жылда бір-бір жыл­­қыдан  тегін соғым үлестіре­мін. Жол ашылса, арнайы келі­сім­шарт жасасып қойған тағы бірді-екілі трактор техника­ла­ры­мызды Павлодардан жеткізіп алсақ деп отырмыз. Бастысы, ін­дет енді өршімесе екен, басы­мыз аман болса, мал да болар, тір­шілік те оңалар елде.

 

Сұхбаттасқан

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...
Қыз бен жігіт

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...