Азамат Нұрматов: Спортшыларымыздың денсаулығын күнде бақылап отырамыз

Азамат Нұрматов: Спортшыларымыздың денсаулығын күнде бақылап отырамыз

Азамат Нұрматов: Спортшыларымыздың денсаулығын күнде бақылап отырамыз
ашық дереккөзі
Елімізде енді дамып келе жатқан саланың бірі – спорт медицинасы. Чемпион шықса, оған спортшы мен жат­тық­тырушыдан бөлек спорт дәрігерінің де өз үлесі бар. Қазір әлем нақты ғылымға зәру. Әсіресе, дәрігердің орны ерекше екені та­ғы бір еске түскендей. Бұл ретте біз Ұлттық Олимпиада ко­митетінің (ҰОК) медициналық-ғылыми тобының жетекшісі, дә­рігер Азамат Нұрматовты әңгімеге тарттық. –  Әлемдік спорт жарыс­та­рын­да спорттық медицина де­ген ұғымды арагідік естіп жа­тамыз. Біздің елде бұл си­рек мамандық болса керек? – Иә, оныңыз рас. Спорт дәрігері де­ген біздің елімізде соңғы 7-8 жыл­да қолға алына бастаған сала. Оған дейін аз болды. Мұндай маман­дық­тың барын қарапайым халық түгілі дә­рігерлердің өзі біле бермейді. Се­бебі бұл сала елімізде кенжелеу да­мы­ды.  2017 жылы Спорт медици­на­сы жылы болып жарияланған еді. Со­ның нәтижесінде спорт дәрігер­лерін даярлап шығару жүзеге аса бастады. – Өзіңіз бұл салаға қалай кел­діңіз? – Мен бала жастан спортқа қы­зы­ғатын болғандықтан, оқуда жүр­генде көптеген жарыстарды та­ма­шалауға баратынмын. Сонда байқағаным ірі додаларда жүретін дәрігерлердің бәрі өзге ұлт өкілдері немесе шетелден дәрігер алдыра­тынын естідім. Бұл салаға келуіме сол да әсер етті. «Мұндай маман неге өзі­м­ізден шықпасқа?» деген ой кел­ді. Осылайша бұл салаға мақсат­ты түрде келдім. Мен оқуға түскен жы­лы 800-ге жуық студент осы са­ла­ны таңдады. 7 жылдың ішінде 800-дің 185-і ғана бітіріп шықтық. Қал­ғаны жарты жолдан шығып кет­ті. Кейбірі басқа мамандыққа ауыс­ты, кейбірінің қабілеті жетпеді. Жал­пы, медицинада 5 жыл бакалавр бойын­ша бірдей білім беріледі. 2 жыл интернатура деген бар, жеке са­лалар оқытылады. Мысалы, тера­пия, хирургия сияқты болып бөлі­ніп кетеді.  2 жылдық интернатураны бітіргеннен кейін, 2 жылдық ре­зи­дентура деген бар. Ол 8-9 жылға жал­ғасады. Қосымша шетелден қыс­қа курстардан өттім. Ұлттық Олимпиада комитетінде 130-ға жуық медицина мамандары бар. Оның ішінде дәрігерлер 40-45-тен асады. 60-қа жуық массажист жә­­не биохимик, физиолог, психо­лог, мануалды терапевттер бар. Осы­­ның барлығы спорттық биохи­мик, физиолог, психолог деген ма­ман­дықтар. Мен бұл мамандықты Астана ме­дицина университетінде оқып, мең­гердім. Бір өкініштісі, қазір спорт­тық медицина мамандығы бойын­ша үлгі аларлық мықты про­фессорлар жоқ. Бұл салада терапевт, травматолог, хирург та бола білуің керек. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап болуың қажет. – Спорт медицинасына спорт­шылар жиі жүгіне ме? – Көбінде спортпен ай­на­лы­са­тын адамның  денсаулығы мықты бо­лады деген түсінік бар. Негізінде бұл қате пікір. Мысалы, адам өзі үшін аптасына 3 рет жаттықса ол қа­лыпты, денсаулығына жақсы. Ал егер өз мүмкіндігінен артық жа­т­тық­са, яғни күніне 3 рет 2 жа­рым сағаттан артық жаттығатын бол­са, онда спортшының денсау­лы­ғы­на зиян. Зорығып кетуі әбден мүм­кін. Чемпион ешқашан кездейсоқ пай­да болмайды. Күнделікті жат­ты­ғуда мүмкіндігін тиімді пай­да­лану­дан чемпион болады. Кәсіби спорт­шы күніне шамамен  6 жарым сағат жат­тығу жасайды. Күнделікті ре­жим осындай. Осы тұста дәрігер­лер­дің көмегі өте қажет. – Спорт дәрігерінің басқа дә­рі­герлерден ерекшелігі не­де? – Сіздер жарысты теледидардан кө­ресіздер. Ал экранның ар жа­ғын­да кім қандай қызмет атқарып жат­қаны білінбейді. Мысалы, жыл бойы жоспарланған оқу-жаттығу жиыны өтеді. Кез келген спорт тү­рін алып қарасаңыз, бір жылда Әлем чемпионаты, Азия және басқа да 5-6 халықаралық жарыстар бо­ла­ды. Олардың барлығында ұлттық құрама жоспарланған оқу-жаттығу жиын­дарын өткізеді. Міне, осы жат­тығулардың барлығында спорт дәрі­гері болады. Кез келген ұлттық құра­маның өз дәрігерлері бар.  Трав­матолог немесе терапевт не үшін спорт дәрігері бола алмайды? Олар әри­не қажетті мамандықтар, бірақ аз­дық етеді. Себебі олар басқа ау­руды қарамайды. Травматолог, те­ра­певт, уролог болсын тек өзіне тие­сі­лі ауруды ғана қарайды. Ал спорт дәрігерінде ондай жоқ, спортшының жалпы денсаулығына жауапты. Бас жаттықтырушы оқу-жат­тығу барысында спортшыларға белгілі бір межеде жаттығу жасауды тапсырады. Бір күнде әр спортшы 6 жарым сағат жаттығу жасайды. Бұл аз уақыт емес. Спортшы енді келесі күнгі жаттығуға тұра алмай қал­мауы керек, дайын болуына спорт дәрі­гері жауапты. Мысалы, сізді бүгін 6 сағат жүгіртіп қойса, сіз ер­тең тағы 6 сағат жүгіре алмай қала­сыз. Енді бұл жерде заңды сұрақ туындайды. Келесі күнгі 6 сағаттық жаттығуға спортшы не істесе дайын болады? Міне, осы кезде спорт дәрігерінің кеңесіне жүгінеді. – Қазіргі пандемия кезін­де спортшыларға қалай қа­рап жатырсыз? – Наурыздың алғашқы онкүн­ді­гінде  бірінші науқас тіркелді. Оған дейін шетелде шығып жатқанын ақ­параттардан көріп, біліп отыр­дық. Біз бұл вирус алғаш шықты де­ген кезден бастап спортшылардың арасында профилактикалық шара­ларын қолға ала бастадық. Бір сөз­бен айтқанда, ерте қимылдадық. Ұлт­тық Олимпиада комитетінің нұс­қауымен біз барлық ұлттық құра­мадағы спортшыларға вирус­тан сақтану шараларын түсіндірдік. Маска, антисептик, қолғап басқа да вирустан сақтанатын медициналық құралдармен қамтамасыз етілді. Сол қаңтар кезінде шетелге жарыс­қа шыққан спортшыларға да қалай сақ­тану қажетін түсіндірдік және жіті қадағалап отырдық. Бүгінгі күн­ге дейін спортшылардың ден­сау­лығын мұқият бақылап отыр­мыз. Күн сайын олар дене қызуын өл­шей­тін құралмен температураларын тү­сі­ріп жіберіп отырады. Қажетті ме­дициналық сақтану құралдары жіберіліп тұрады. – Ал өзіңізде арнайы қа­рай­тын спортшыңыз бар ма? – Ондай болады. 2012 жылғы Лон­­донда өткен Жазғы Олим­пиа­да­лық ойындардың қатысушысы, Қазақстан құрамасының байрағын кө­теріп барған Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт ше­бері Нұрмахан Тінәлиевтің дәрі­гері­мін. Жалпы,  жеке жұмыс істеуге мүм­­кіндік аз. Себебі ұлттық құра­ма­ның барлық спортшыларының ден­саулығын қадағалып отыру қа­жет. Бір ғана спортшымен жұмыс іс­теу көп уақытты қажет етеді. Спорт­шы­ның басынан аяғына дейін не бо­лып жатқанын біліп отыруың керек. Әйтпесе, рецепт жазып беріп, мы­на­­ны ішсең күшті болып кетесің де­­ген нәрсе жоқ. Барлық процесс көз алдыңнан өтуі керек. Спорт­шы­ның мүмкіндіктерін, күнделікті жаттығуын, түнде қалай ұйықтап жат­қанын қарайсың. Кейде ол ұйық­тап жатқанда да оның тыны­сын, жалпы күйін тексересің. Ол жер­де көптеген нюанстар бар. Мы­са­лы, спортшыларда, әсіресе балуан­­­­дарда салмақ қуу деген бар. Егер дұрыс жүзеге аспаса, спорт­шы­ның денсаулығына кері әсер етеді. Сол салмақ тастау үшін қандай дәру­­­мен қолдануы, қалай тамақ­тануы керек, соның бәрін спорт дәрігері өлшеп береді. Мұндайда дә­рігердің көмегінсіз спортшы үл­кен қателіктер жіберуі мүмкін. Қа­зы-қарта жесем күшім мықты бо­лады деп жүретін спортшылар бо­ла­ды. Бұрын спорт медицинасы жоқ кезде болған мұндай ұғым-тү­сінікті ұмыту керек. Еттің құра­мын­да мынандай күш қосатын эф­фек­тісі бар деген ғылыми дәлелді факті жоқ. Иә, ата-бабаларымыздың өмір сал­тында бар екені рас. Себебі көш­пенділер үшін қайта-қайта тамақ­тану оңай емес. Ат үстінде ұзақ жүре­тін болғандықтан сүрленген ет­тен бір жеп алса, ол ұзақ уақыт қа­­рын аштырмайды. Яғни, қоры­тылу мерзімі ұзақ. Ол ұзақ уақыт күш беріп отырады. Міне,  сол үшін қажет. – Қазіргі вирус жылдам қар­қын алып бара жатқа­ны­на байланысты спортшы­ларға  қандай кеңес бересіз, олар қалай қорғануы қажет? – Бүкіл ұлттық құрама ко­ман­да­сының бір жылға жоспарланған оқу-жаттығу жиындары тоқтатыл­ды. Спортшылардың барлығы ка­ран­­тинде. Барлық спорт дәрігерлері он­лайн режимде жұмыс істеп жа­тыр. Бұл вирустың ең бірінші симп­томдарының бірі – температура, жөтелдің және демікпенің пайда болуы т.б. Осыларды қадағалап отыруы керек. Ал бұл бойынша бар­лық спорт дәрігерлері өздеріне тие­сілі спортшылардан күнделікті таңер­тең есебін онлайн түрде алып, ба­қылап отыр. Спортшылардың барлығы үй­лерінде жаттығуда. Себебі Ұлттық Олим­пиада комитетінің президенті Ти­мур Асқарұлы: «Ең бастысы чем­пион мен медаль емес, спорт­шы­лар­дың амандығы» деген болатын. Сол мін­детті мүлтіксіз атқарып шығуы­мыз қажет. Қорыта айтатын кеңес – барлы­ғына бірдей үйден шықпау, адам көп жиналатын жерден аулақ болу, та­залық сақтау. Бұл вирустан солай ға­на қорғана аламыз. Себебі жұғуы азай­са, өздігінен күшін жоятын ви­рус. Мұндай климатта ұзақ тұра ал­­­майды. Сондықтан шыдап, осы қа­рапайым талаптарды орындаған жөн. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан

Бақытбек ҚАДЫР