Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді
ашық дереккөзі
15 сəуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты жазды. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында – 80 адам, Ақмола облысында – 79 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 124 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1267 науқас тіркелді.