Өңірлік мәслихат депутаттары халыққа көмек көрсетуді бастады

Array

Сондай-ақ!

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшылары...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің саунада демалып...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған дағдарысқа қарсы шараларға Қазақстан мәслихаттары қолдау білдірді. Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бүгінгі күнге дейін жеке қаржысынан 185,9 млн теңге шамасында материалдық көмек көрсетті.

Елбасының бастамасымен құрылған «Biz birgemiz» қайырымдылық қоры аясында Атырау облыстық мәслихатының депутаттары 28,4 млн теңге, Ақмола облыстық мәслихаты 25 млн теңге, Ақтөбе облыстық мәслихаты 14 млн теңге, Алматы қаласы 9,6 млн теңге, Қостанай облыстық мәслихаты 7 млн теңге, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2 млн теңге, Қызылорда облыстық мәслихаты 1,7 млн, Алматы облыстық мәслихаты 2,7 млн теңге сомасында бірінші кезекте қажет болатын азық-түлік ұсынды.

Депутаттар одан басқа өздерінің сайлау округтерінің аясында жеке өздерінің және демеушілік қаржысына көмек көрсетуді ұйымдастырды, бұл ретте бюджеттің немесе әкімдіктердің қаржысы тартылған жоқ.

Атап айтқанда, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары және облыстың қалалары мен аудандарының депутаттары блокпосттарды материалдық-техникалық жарақтандыруға, ыстық тамақ, жеке қорғаныс құралдарын беруге көмек көрсетті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін, сонымен қатар ноутбуктар сатып алу және халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлді.

Алматы облыстық мәслихатының депутаттары аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және зейнеткерлерге көмек беруге орай қайырымдылық істерін белсенді жүзеге асырды.

Атырау облысында депутаттар азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, «Biz birgemiz» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін азық-түлік жиынтығы, медициналық маскалар және антисептиктер сатып алды.

Жамбыл облысында мәслихат депутаттары мұқтаж жандарға, егде адамдар мен мүгедектерге жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарларды, сондай-ақ карантин кезінде өз үйлерін тастап кетуге мүмкіндігі жоқ тұрғындарға азық-түлік себеттерін берді.

Шығыс Қазақстан облысында депутаттар қоғамдық көлікті, адамдар көп жиналатын нысандарды (тамақтану, сауда орындары, авто және теміржол вокзалдары) дезинфекциялауды бақылап, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді.

Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттары азық-түлік себеттерін, оқушыларға арналған кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды, антисептиктерді сатып алды. Қалалық мәслихат депутаттары облыстық кардиология орталығына медициналық аппарат пен қан құю жүйесін сатып алды.

Қызылорда облысында облыстық мәслихат депутаттары мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын, компьютер сатып алуға қаржы бөлді.

Маңғыстау облысында депутаттар азық-түлік, бензин бағасына мониторинг жүргізді, «Biz birgemiz» акциясы аясында мұқтаж отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді, тігін шеберханаларына медициналық маскаларды тігу үшін материалдар сатып алынды.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары «Biz birgemiz» республикалық акциясына қатысты. Олар карантин кезінде қарт адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік жіберді, қарт адамдарға маскалар мен бір реттік қолғаптар, сондай-ақ мүгедек балалар мен олардың отбасыларына ыстық тамақ сатып алды.

Қостанай облысында көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетілуде, зейнеткерлерге маскалар таратылып, оқушыларды қашықтан оқыту және оқушыларға маскалар сатып алу ұйымдастырылды, қашықтан оқыту үшін әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары смартфондармен, ноутбуктармен қамтамасыз етілді.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттары қаланың шалғай аудандарында тұратын қарт адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін кәсіпорындар мен емханаларға автокөлік жіберді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілді. Бірқатар депутаттар тәулік бойы жұмыс орнындағы медицина қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетті.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының шотына жеке қаржысынан қайырымдылық көмек аударды, сонымен қатар, «Biz birgemiz» акциясы аясында аз қамтылған отбасылар үшін бірінші кезекте қажетті тауарлар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алды.

Павлодар облысында депутаттар медициналық маска тігуді ұйымдастырды, тұрғындарға бірінші кезекте қажетті азық-түлік қорын құрды, мұқтаж отбасылардың балаларын онлайн оқыту ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмек көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттары аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік топтамасын таратты, үй-жайларды, көшелерді дезинфекциялау үшін техника және антисептикалық құралдар бөлінді, ауылдарда зейнеткерлерге зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы жеткізу ұйымдастырылды, мұқтаж отбасыларға отын мен көмір жеткізілді,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қаражат бөліп, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік себетін және жеке гигиена құралдарын сатып алды.

Шымкент қаласында қалалық мәслихат депутаттары «Biz birgemiz» акциясы аясында қаржы жинап, мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медициналық маскалар, антисептиктер беріп көмектесті.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен теңестірді

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...