Талдықорғанға Шарджадан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Талдықорғанға Шарджадан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Талдықорғанға Шарджадан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
ашық дереккөзі
Алматы облысына Шарджадан ұшып келген 135 жолаушының анализдерінің нəтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі. «Жолаушылардың бəрінен келген бетте КВИ-ға анализ алынған болатын. Барлығының қорытындысы теріс болып шықты. Алгоритмге сəйкес, олар екі күн карантинде болуы тиіс. Осы мерзім біткеннен кейін облыс əкімі Амандық Баталов дал олардың əрқайсысын тұрғылықты жеріне жеткізіп салуды ұйымдастыруды тапсырды. Қазір оған дайындық шаралары жүріп жатыр», - деп атап өтті облыс əкімінің баспасөз қызметінде. Шарджа - Талдықорған бағытындағы əуе рейсі 11 сəуір күні сағат 21:30-да қонған еді. Жолаушыларды күтіп алуға санитар дəрігерлер, 5 жедел жəрдем көлігі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кеденшілері мен шекарашылар жұмылдырылды. Облыс əкімінің тапсырмасымен сол жерде штаб құрылып, оны облыс əкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов басқарды. Операцияның бірінші кезеңінде жолаушылардың барлық жүктері, На тыңғылықты дезинфекциялаудан өтті. Мұнан соң 135 жолаушы телеметрия процедурасынан өткізіліп, барлығының дене қызуы қалыпты екенін көрсетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келушілерді қарсы алу операциясына тартылғандардың барлығы да обаға қарсы костюммен қамтамасыз етілді. Əуежайда тиісті процедуралардың бəрінен өткеннен кейін рейс жолаушылары автобустарға отырғызылып, полицияның бастап жүруімен уақытша стационарға жеткізіліп, орналастырылды. «45 адам Талдықорғандағы қонақ үйлердің біріне орналастырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшенің тұтас бір бөлігін жабу туралы шешім қабылданды. Қалған 90 адам Текелідегі «Текелі» санаториіне жатқызылды. Аталған екі нысанның маңайына полиция жасағы қойылды. Осы рейспен келген азаматтардың ғимарат аумағынан шығуына қатаң шектеу қойылған. Оған қоса, облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес бұл отандастарымызға карантин кезінде тұруына қажетті барлық қолайлы жағдай жасалған. Тегін тамақтану, түрлі бағытта кеңес алуға мүмкіндіктер қарастырылған», - деді ведомстводан. Өз кезегінде келген жолушылар қонақжайлық көрсеткені үшін қарсы алушыларға ризашылығын білдірді. Еске салсақ, бұған дейін 128 қазақстандық БАƏ-ден Талдықорған əуежайы арқылы елге оралатыны айтылған болатын. Шарджадан ұшар кезде бортқа 135 отандасымыз отырғаны белгілі болды.