Ерлан Мадиев: Идеологиялық және стратегиялық жағынан маңызды

Ерлан Мадиев: Идеологиялық және стратегиялық жағынан маңызды

Ерлан  Мадиев: Идеологиялық және стратегиялық жағынан маңызды
ашық дереккөзі
– Елбасы қазіргі таңдағы дағдарыс ке­зінде қоғам бір моральді қолдауларға мұқ­таж болып отырғанын ескеріп,  халыққа үн­деу жолдап отыр. Бұл мақаласында Ел­басы қоғамның стратегиялық бағыттарын ай­қындап берді. Елді осындай сын сағат­тарда ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, сабырға шақыруда. Тұңғыш Президентіміз біріншіден, жеке идеологиялық тұлға тұрғысында маңызды функциясын атқарып отыр. Екіншіден, Елбасы Президент пен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шұ­ғыл іс-әрекеттер мен жұмыстарға оң  ба­ғасын берді. Ол шаралардың халыққа дұрыс жеткізілуінің маңызын да ерекше атап өтті. Үшіншіден, Елбасының меңзеп отырғаны – біздің ел Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін талай дағдарысты өткергені. Бірақ ол кезеңдердің бәрі де бүгінгі болып жат­қан оқиғамен мүлде салыстыруға кел­мейді. Яғни, бүгінгі сын сағаттарға шетелдік сарапшы мамандар да бұрын-соңды мұндай жайт әлем экономикасында кездеспегені жайлы айтып, өз көзқарастарын білдіруде. Елдің мұндай дағдарыстарға төтеп беруі қажет. Себебі бұған дейін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асы­рылған болатын. Қаншама істер атқарылды, әлі де жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, экономиканы әртараптандыру болсын, адам капиталын дамыту бағытында жасалған «Болашақ» бағдарламасы сынды  бірқатар іс-шаралар да, еліміздің әлеуметтік жүйесін нығайтудағы біршама шаруалардың тындырылғанын да біз айтпай кете ал­маймыз. Демек, Қазақстан бұл дағдарысты  осындай стратегиялық маңызды бағыт­тармен, айқын мақсаттарымен  мейлінше үлкен дайындықпен қарсы ала білді. Бастысы, Елбасы айтқандай, дәл бүгінгі қиын-қыстау кезеңдерде ауызбірлік ауадай қажет.  Әрбір азамат, мейлі ол жастар жағы болсын, алдыңғы толқын зиялы қауым өкіл­дері болсын, бизнес өкілдері болсын, бүгінгі күнде осы күрделі кезеңнен ел-жұртымыздың аман-есен, мейлінше аз көрсеткіштегі шығындармен шығуына өзіндік үлес қосуы аса маңызды. Яғни мем­лекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың тиімділігін қоғам тарапынан қолдай түсу тым қажет. Қолдау болмаған жағ­дайда қайсыбір шаралардың өзін жүзеге асыру қиын. Сондықтан дер кезінде ха­лыққа жетіп отырған тұңғыш Прези­денті­міздің бұл мақаласы идеологиялық жағынан да, стратегиялық жағынан да аса зор маңыз­ға ие деп білемін. Еліміз аман болсын!