Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты

Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты

Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты
ашық дереккөзі
Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандар саны 607-ге жетті. Соңғы тәулікте елде індет жұқтырудың 52 жаңа дерегі тіркелген, деп хабарлайды TOLO News. Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Вахидуллу Майярдың айтуынша, коронавирус инфекциясына шалдыққандардың 18-і көз жұмған. Елде 37 адам дертінен емделіп шықты. Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 897 адам коронавирус жұқтырды. Бұған дейін, 86 отандасымыз дертінен айыққанын хабарлағанбыз. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам, Атырау облысында 2 адам емделіп шықты. Індет жұқтырған 10 адам көз жұмды.