Қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

Қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

Қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді
ашық дереккөзі
Бүгін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді. Қалалық әкімі баспасөз қызметінің айтуынша, бұл шешім карантин енгізілгеннен бері жолаушылар ағынының азаюына байланысты қабылданған. «11 сәуірден бастап алдағы сенбі, жексенбі күндері автобустар сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүреді. Ал, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері маршруттық автобустардың қозғалу интервалі 7:00-9:00; 12:00-14:00; 17:00-19:00 сағат аралығында белгіленді» – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.