Карантин: Көшеде серуендеп жүрген 26 алматылық қамалды

Карантин: Көшеде серуендеп жүрген 26 алматылық қамалды

Карантин: Көшеде серуендеп жүрген 26 алматылық қамалды
ашық дереккөзі
Алматыда серуенге шыққан 26 адам қамауға алынды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, атап айтқанда көшеде негізсіз жүрген 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 26-сы қамауға алынды, 32 адамға айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. «Жалпы төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері 105 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы қамауға алынып, 55 адамға айыппұл салынды. Ал кеше мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес 65 әкімшілік материалды қарады» – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.