Елбасы Асқар Маминмен кездесті (видео)

Сондай-ақ!

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді,...

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин Қазақстанның саяси күнтізбесінен хабары екенін білдірді. «Келесі жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауын...

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті, деп хабарлайды. "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік...

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтып өтті.

«Медицина қызметкерлерінің келісілген жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз жұмысының тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. «Президенттің барлық бастамасын жергілікті халыққа жеткізудің маңызы зор. Мен бұл туралы облыс әкімдерімен телефон арқылы сөйлескен кезде де айттым», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

«Әлемдегі экономикалық ахуал күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің елдің көрсеткіштері жаман емес. Алайда карантиннің әсері әлі күнге дейін елдің экономикалық көрсеткіштеріне толық әсер етпегенін ескерген абзал. Шағын және орта бизнесті қолдау және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болып қала береді. Енді дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыруымыз керек. Экономика құлдырайды. Оның салдары 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңге қарағанда анағұрлым ауыр болатын секілді», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор мен Үкіметтің резервінен отандық экономиканы қолдау үшін 10 миллиард доллардың уақтылы бөлінгенін жеткізді. Өз кезегінде Премьер-Министр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың өзектілігіне тоқталды.

«Біздің елде бұдан да қиын күндер өткен. Біз бұл қиындықтарды да жеңеміз. Ең бастысы – халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Үкімет тиімді жұмыс істейді деп санаймын. Ертең мен Қазақстан халқына арналған мақаламды жариялаймын. Қазір бүкіл әлемге оңай тиіп тұрған жоқ. Аурудың шырқау шегінен әлі өтпедік. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтей отырып, сабыр пен шыдамды танытуымыз керек», – деп түйді Елбасы.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...