Коронавирустан 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

Ұлыбританияда соңғы тәулікте  коронавирустан 708 адам көз жұмды, олардың арасында 5 жасар бала да бар.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ұлыбританияда вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 4 320-ға жеткен. Ал індетті  жұқтырғандар саны 42 мың адамнан асқан.

Букингем сарайы коронавирустық пандемияға байланысты Елизавета II-нің халыққа арнайы телевизиялық үндеу жазғанын хабарлады. Бұл оның 68 жылдық ел басқаруындағы бесінші үндеуі болмақ, елдегі жағдайдың күрделілігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Мемлекеттің денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок азаматтарды карантинді сақтап, үйде отыруға шақырды.

«Адамдардың басым көпшілігі кеңестерді басшылыққа алып, үйден шықпай отыр. Дегенмен карантин тәртібін бұзатындар әлі де бар. Олар қандай да бір қажеттіліксіз көшеге жиі шығады. Мен бұл ескертулер жайында жиі айта да бергім келмейді, себебі тұтас ел бұл дағдарыстан тезірек шыққысы келеді», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Испанияда да індет жұқтырғандар арасында өлім көрсеткіші артқанын хабарлағанбыз. Елде коронавирустан 11 025 қайтыс болды. Бұл көрсеткіш жөнінен Испания Еуропа бойынша үшінші орынға шықты.

 

 

Back to top button