Қазақстанда коронавирустан алтыншы науқас көз жұмды

Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған 1964 жылы туған азамат. Осымен елімізде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 551-ге жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында – 27 адам, Ақмола облысында – 20 адам, Атырау облысы – 22 адам, Жамбыл облысында – 28 адам, Шымкент қаласында – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 30 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 25 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.

Back to top button