Алматы әкімі жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

Алматы әкімі жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

Алматы әкімі жаңа госпиталь салуға пәрмен берді
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді, – деп жазды ҚазАқпарат. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орындық провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты. Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.  width= Тез салынатын құрылыс жабдықтарымен тұрғызылатын нысан 280 орынға арналған. Оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі болады. Аз уақыт ішінде салып бітіру үшін әдейі блокты құрылыс материалдары таңдалған. Госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған. «Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер шағында анықтауға, оларды дереу оқшаулап, уақытында әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз», – деді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетейік, жаңа госпиталь Алатау ауданында бой көтереді. Қазір нысанның орны тегістеліп жатыр.  width= Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды. Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.