Ақмола облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды, – деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Айта кетейік, бұл республика бойынша коронавирус індетінен көз жұмған бесінші адам.

Бүгін Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған бір адам тіркелді.

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 525 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 216, Алматы қаласы – 110, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 20, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Жамбыл облысы – 11, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 27, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 28, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 23.

Back to top button