Түркістан облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды

Түркістан облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды

Түркістан облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөзі
Республика бойынша қауіпті індеттен осымен төртінші адам көз жұмды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады. Жедел штабтың мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда елімізде вирус жұқтырғандар саны 500 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 202, Алматы қаласы – 109, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы – 7, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Жамбыл облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 26, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 26, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 23.