Шымкент карантинге жабылды: қала әкімінің үндеуі

Сондай-ақ!

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz "КТК" арнасы таратқан ақпаратқа сүйеніп. Ақтөбеде 17 жастағы қыз және 18 жастағы жігіт...

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Нью-Йорктегі XXXII ЛГБТ кинофестивалінің «үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша бас...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, індетке шалдыққан балалардың 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы...

Бүгіннен бастап елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша Шымкент қаласы карантинге жабылды. Осыған қарай қала әкімі Мұрат Әйтенов қалың көпшілікке үндеу жариялады, – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.

М.Әйтенов қалада коронавируспен кұрес шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шымкентте індет жұқтырғандар саны 11-ге жеткенін айтты.

– Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылғы 4 сәуірі сағат 21.00-ден бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланады.

Карантин мынандай шектеу шараларын қамтиды:

Біріншіден, карантин кезінде Шымкент қаласы бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Ол мекемелердің тізімін әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды.

Екіншіден, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің Қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ. Олардың да тізімі жарияланады.

Үшіншіден, қала аумағында шағын микроавтобустардың қозғалысына тыйым салынып, олардың бағыттары бойынша автобус қозғалысы қойылады. Қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 07.00-ден 19.00-ге дейін ғана жүзеге асады.

Төртіншіден, қала аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады.

Бесіншіден, азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Бұл тұрғындардың өзін-өзі оқшаулауы үшін жағдай жасауға бағытталып отыр. Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.

Қала тұрғындары толықтай шектеу кезінде үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі негізсіз ақпараттар таралуының алдын алу мақсатында, қала аумағында коммендаттық сағат әзірше енгізілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Дегенмен төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындауымыз керек. Карантин режимін бұзған азаматтарды құқық қорғау органдарының патрульдік қызметі анықтайтын болады. Себебі өзінің денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтардың әрекетінен тұрғындардың басым бөлігі зардап шекпеуі тиіс деп санаймын.

Алтыншыдан, Шымкент қаласының аумағындағы төтенше жағдай және карантин кезінде 55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауды ұсынамыз.

Жетіншіден, карантин кезінде тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерін жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі шарт.

Сегізіншіден, азық-түлік базарларының жұмыс уақыты 10:00-ден 18:00-ге дейін, қадамдық қашықтықтағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін болып қалады.

Тоғызыншыдан, барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді.

Оныншыдан, азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды және ол азаматтардың қолында жұмыс орны берген анықтама болуы керек.

Сондай-ақ, жеке көлікпен үйінің жанында орналасқан азық-түлік пен бірінші кезектегі тауарлар, медициналық құралдар алуға және жедел жағдайларда медицина ұйымдарына көмек алуға баруға болады, – деді.

Сөз соңында қала басшысы:

– Қаланың тыныс-тіршілігі тоқтамауы үшін қала әкімдігі барлық шараларды қабылдайды. Осындай қиын сәтте, Шымкентті жан-тәнімен сүйетін әрбір тұрғынға қаламыз біздің көмегімізге зәру екендігін айрықша атап өткім келеді. Қаламызға тигізер көмегіміз – бұл біздің біркісідей карантин талаптарын бұлжытпай орындауымызда екендігін атап өтемін, – деді.

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...

Қазақстандық режиссердің туындысы халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Катарда қазақстандық Алина Мұстафинаның деректі фильмі Ajyal Film Festival жүлдесін жеңіп алды.Бұл...
Қыз бен жігіт

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...