23 жастағы келіншек - Қазақстандағы ең жас көп балалы ана

23 жастағы келіншек - Қазақстандағы ең жас көп балалы ана

23 жастағы келіншек - Қазақстандағы ең жас көп балалы ана
ашық дереккөзі
185

Қызылордада тұратын 23 жастағы келіншек еліміздегі ең жас көп балалы ана атанды. Жақында үшемді дүниеге әкелген Ботагөз Кенжебекова енді 5 перзенттің анасы. Бұл жаңалықты сыр өңірінен bnews.kz тілшісі сүйіншіледі. Бақытты отбасының үш қыз дүниеге келгенше екі ұл өсіріп отырған болатын. “Біз қыздарға Райана, Айша және Хадиша деп ат бердік. Біз жолдасым екеуміз бұған дейін Алыпхан және Хамза деген ұлдардың ата-анасы едік. Енді отбасымыз көбейіп, көпбалалы жанұяға айналдық”, – дейді көп балалы ана. Сәбилер дүние есігін ашқан перзентхананың мамандарының айтуынша, үш нәрестенің де денсаулығы қалыпты. “Үшем анасының жүктілік мерзімінің 33-ші аптасында дүниеге келді. Мұндай жағдай көпұрықты жүктіліктен туындайды. Сәбилердің салмағы 1890,1900 және 1920 грамм. Олар біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған. Енді үйге жібере беруге болады. Анасының да денсаулығы жақсы”, – дейді облыстық перинаталдық орталықтың патологиялық босандыру бөлімінің меңгерушісі Базаркүл Исаева. Көпбалалы отбасының қуанышы жас отбасылардың бәріне жұғысты боп, перзентханалардан сәбилердің іңгәлаған үні үзілмегей.

Серіктес жаңалықтары