Азат Перуашев: Нәтиже жергілікті әкімдіктердің жұмысына тәуелді

– Мемлекет басшысының Үндеуі ел аза­маттарының ертеңгі күнге сені­мін арт­тырды. Әсіресе, күрделі кезеңде та­бы­сынан айырылған тұрғындардың, кәсібі уақытша тоқтап, шарасыз күйде отырған шағын және ор­та бизнес өкілдерінің ең­сесін кө­терді. Президенттің тап­сырмасы бойын­ша жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі кеңей­­тілді. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын және ресми тір­кел­мей жұмыс іс­тейтін қа­зақстандықтарға да көмек көр­сетіледі. Жәр­­демақыны рәсімдеу талап­тары да жеңіл­детілді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қол­дауға ерекше көңіл бө­ліп отыр. Шағын жә­­не орта бизнес өкілдері үшін ең басты мә­­­­селе – несиені жабу және бюджетке са­лық төлеу болса, бұл екі мәселе бойынша да жеңілдік жасалмақ. Салықтардың бірін төлеу кейінге шегерілсе, енді бірінен кәсіпкерлер жыл соңына дейін босатылды. Не­сиеге келер болсақ, Президент бұған дейін банктерге үндеу жасап, азаматтардың несиелік төлемдерін кейінге шегеруді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды тоқтата тұру­ды тапсырған болатын. Алайда бір­қатар банктер бұл тап­сырмаға құлақ аспа­ған көрінеді. Елдің түкпір-түкпірінен жол­данған хаттарға сүйенсек, банктер әлі күнге дейін кре­диттік төлемдерді төлеуді талап етуде. Мерзімінде төленбесе, өсім­пұл қосып жатқандары да бар екен. Мұндай жағдай­ларды тоқтату үшін Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге бұл жолы өті­ніш емес, ескерту жасады. Егер сөз жүзінде берілген тапсырма орын­далмаса, директивті түрде, яғни бұй­рық шығару арқылы орындатуға тура келетінін жеткізді.

Президент айрықша назарға алған тағы бір мәселе – көк­темгі егін егу жұ­мыс­тары. Ауыл шаруашылығымен айналы­сатын кә­сіп­керлерге қолдауға бюджеттен 70 мил­лиард теңге бөлінеді. Мемлекет бас­шысы Үкіметке көктемгі егіс науқаны үшін «Қара­пайым заттар экономикасы» бағ­дар­ламасы арқылы қо­сымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сондай-ақ жа­нар­май бағасын төмендету міндетін жүктеді. Ең бастысы, жеңілдікпен саты­латын жанармай фермерлердің қолына жетуі тиіс. Бұрын әкімдіктерге беріліп, одан кейін межелі жер­ге жетпей қалатын жағдайлар болған. Бұл жолы ондайға жол берілмейді. Өйткені ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруа­шылығымен айналысатын кәсіп­керлерге жағдай жасалуы қажет. Жа­сыра­тыны жоқ, жемістер мен көкө­ніс­тердің кейбір түрлерін Ресейден, Беларусьтен, өзге де алыс-жақын елдерден тасымалдап отыр­мыз. Өз нарығымызды өзіміз толтыру үшін еліміздегі өнім өндірушілердің бәсе­кеге қа­­­­бі­леттілігін арттыруға күш салуы­мыз керек.

Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар бер­ді. Ендігі мә­селе – сол тапсырмалардың іске асырылуы. Қолға алынған ша­ра­лар­дың нә­тижесі Үкімет пен жергілікті әкім­дік­тердің жұмысына тәуелді.

 

 

 

Back to top button