Елімізде коронавирус жұқтарғандар саны 402-ге жетті

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті, деп хабарлайды сoronavirus2020.kz сайты.

Мәліметке сай, тағы 16 адамнан (Нұр-Сұлтан қаласында 7, Қарағанды облысында 6, Атырау облысында 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1) коронавирус анықталды.

Осымен Қазақстан бойынша барлығы 402 жағдай тіркеліп отыр: Нұр-Сұлтан қаласында – 191, Алматы қаласында – 90, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 19, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 9, Атырау облысында – 18, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Жамбыл облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 21, Қызылорда облысында – 25, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 6, Түркістан облысында – 5 адам індет жұқтырған.

Жазылып шыққандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 16

Алматы қаласы – 10

Қайтыс болғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1

Ақмола облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

 

Back to top button