1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады – министр

1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады – министр

1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады  – министр
ашық дереккөзі
286
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қашан артады? Мемлекет басшысының Үндеуінен кейін ел тұрғындарының көпшілігін мазалаған бұл сауалға  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді.  "Кеше ел президенті әлеуметтік төлемдердің бәрін жылдық өлшемде 10 процентке индексациялауға тапсырма берді. Ол индексация жасалады. Сөйтіп, зейнетақы, жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 1 сәуірден бастап артады. Бұл жылына – 10 процент. Жылдың басында 5 процентке көбейген, соны ескеріп көтерілетін болады", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн брифингте.  Айта кетейік, кешегі үндеуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмекті 10 пайызға индексациялауды тапсырды. Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Президент телеарна арқылы жасаған үндеуінде елде жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылдағанын айтқан болатын.  

Серіктес жаңалықтары