Екі жасар бүлдіршін коронавирустан емделіп шықты

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты.

Олардың біреуі 31 наурыз күні кешке ауруханадан шығарылды. Олар –қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ем қабылдған бір бала мен екі пациент. Ауруханадан шығарылған пациенттер 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады, – деп баяндады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Бүгінде Алматыда коронавирустан жазылған 10 адам ауруханадан шығарылды.

Back to top button