Адам ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңе алады – зерттеу

Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирус инфекциясын өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді.

«Хабар24» телеарнасының Nature Medicine журналына сілтеме жасай отырып ұсынған хабарында Аустралияға Қытайдың Ухань қаласының келген 47 жастағы тұрғыны зерттеу нысанына алынғаны туралы айтылады. Кейін әйел адам коронавирустың белгілері – әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел және қызудың көтерілуімен ауруханаға түскен. Науқаста оған дейін патологиялық аурулар мен зиянды әдеттер болмаған. Ауруханада науқасқа антибиотиктер немесе вирусқа қарсы препараттар берілмеген.

Дәрігерлердің қабылдаған жалғыз шарасы ағзадағы су балансын сақтау үшін тамырға сұйықтық енгізу болған екен. Нәтижесінде науқас екі аптадан кейін толық жазылып кеткен.

– Одан алынған қан талдауының нәтижелері иммун жүйесінің жасушаларының өсуін көрсетті, бұл организмнің әдеттегі маусымдық тұмауға қарсы реакциясы, – дейді дәрігерлер.

Back to top button