Ақын Аманхан Әлімұлы дүние салды

«Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, – деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген.

«Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы.

2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.

Back to top button