Алматыда 7 індет ошағындағы шектеу шаралары алынды

Алматыда 7 індет ошағындағы шектеу шаралары алынды

Алматыда 7 індет ошағындағы шектеу шаралары алынды
ашық дереккөзі
329

Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты бірқатар мекенжай бойынша шектеу шаралары алынып тасталды.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, төмендегі мекенжайлардағы 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:

– Медеу ауданы — Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162;

– Түрксіб ауданы — Алтай-1, 8; Жас қанат 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63а;

– Жетісу ауданы — Еңлікгүл 34а.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, 29 наурыз сағат 13:30 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 21 ошағы бар.

Әуезов ауданындағы инфекцияның 2 ошағы — Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр 121.

Алмалы ауданында Желтоксан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы бар.

Медеу ауданы бойынша 4 ошақ тіркелген. Олар — Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы 45 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ келесі мекен-жайларда тіркелді: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз-1, 13.

Бостандық ауданында бір ошақ тіркелген. Ол — Тұргыт-Озал, 242.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ бар. Береке көшесі, 1/97.

Серіктес жаңалықтары