Карантин: Атырау қаласы да оқшауландырылады

Карантин: Атырау қаласы да оқшауландырылады

Карантин: Атырау қаласы да оқшауландырылады
ашық дереккөзі
30 наурыздан бастап Атырау қаласы да карантинге жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. «Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады», делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында бес қала карантинге жабылатынын хабарлағанбыз. Аймақтың бас санитары Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары аумағын карантинге жабу туралы шешім шығарылғанын мәлімдеді.