1100
АҚШ билігі коронавирустың таралуын тұрғындардың смартфондары арқылы бақылайды – БАҚ
АҚШ билігі коронавирустың таралуын тұрғындардың смартфондары арқылы бақылайды – БАҚ
Коронавирус инфекциясының таралу қарқынын бақылау үшін АҚШ-та миллиондаған адамның мобильді құрылғыларынан деректер жиналып, өңделуде.
The Wall Street Journal дерегіне сүйенсек, ел билігіне қажетті ақпаратты ұялы байланыс операторлары емес, әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда өз хабарландыруларын жариялайтын жарнама агенттіктері ұсынып отыр.
– Ұялы телефон иелерінің қозғалысы, орналасқан жеріне қатысты деректер ғана алынады, ал олардың аты-жөні мен телефон нөмірі құпия күйінде қалады, – делінген басылым мәліметінде.
Бұл шаралар CoViD-19 дертінің таралуымен күресу үшін қажет және ел тұрғындары қозғалысының заңдылығын тексеруге бағытталған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгінде АҚШ-тың 500-ден астам қаласында тұрғындардың орналасқан жері туралы деректер жинақталуда.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 117 адамға жеткенін хабарлағанбыз. Елде 2010 науқас көз жұмды. Ел бойынша коронавирус жұқтыру деректерінің саны жөнінен Нью-Йорк қаласы көш бастап тұр.