Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер қалай жұмыс істейді?
ашық дереккөзі
348
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады. Бұл туралы  ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.  Аталған мерзім аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады. Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.  

Серіктес жаңалықтары