29 Наурыз, 10:19 521 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 мыңнан асып жығылды

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 117 адамға жетті. Елде 2010 науқас көз жұмды. Соңғы тәуліктің деректері Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды.

Бұған дейін  Нью-Йоркта әрбір 17 минут сайын өлім тіркелетіні жөнінде хабарланған. Бұл қала коронавирус жұқтыру деректерінің саны жөнінен АҚШ-та көш бастап тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, соңғы тәулікте әлемде індет жұқтырудың 62 мыңнан астам жаңа дерегі тіркелген. Олардың 37,5 мыңнан астам Еуропада анықталып отыр.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 229-ға жетті. 29 наурызға қараған түні Алматы тағы бір адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Оңтүстік астанамызда кеселге шалдыққандардың жалпы саны 60 адамға жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар