384
Тағы 20 адам коронавирус жұқтырған
Тағы 20 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 20 оқиғасы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 18 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 135 адам, Алматы қаласында – 51, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6, Атырау облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, жалпы 228 науқас тіркелді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.