Коронавирустың таралуы үдеп барады: бес мыңнан астам адам карантинде жатыр

Коронавирустың таралуы үдеп барады: бес мыңнан астам адам карантинде жатыр

Коронавирустың таралуы үдеп барады: бес мыңнан астам адам карантинде жатыр
ашық дереккөзі
356
ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте елімізде коронавирус індетінің таралуы үдеп бара жатқанын айтты. «Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам анықталғаны – алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде. Үш жарым мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр. 6 мыңнан астам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95 пайызының кім екені анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр», – дейді Дәурен Абаев.

Серіктес жаңалықтары