28 Наурыз, 18:11 1066 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

30 наурыздан бастап жол жүру ережеcіне шектеу енгізіледі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты шектеу шаралары күшейтілді.

БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 53 адам карантиндік стационарда жатыр. Олардың бәрі зертханалық тексерістен өткізілді. Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест теріс нәтиже көрсетті.

«Жаңа коронавирустық жұқпаның өңірде таралуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мысалы, бүгіннен бастап қоғамдық тамақтандыру орындары (асхана, кафе және басқалар) сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін тамақты сұраныс бойынша тұрғындардың үйлеріне жеткізіп береді. Кәсіпкерлерден осы шектеу шараларын қатаң сақтауды өтінеміз», – деді М.Арыспаев.

Сондай-ақ, жолаушылар тасымалына да шектеу шаралары енгізіледі. 30 наурыздан бастап автобус қатынасы мен емделуге бара жатқандарды қоспағанда, ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушыларға Атырау мен Ақтөбе облыстарына және аудандар арасына шығуына тыйым салынады.

ҚР дипломатиялық қызмет персоналы, транзиттік және облыс қажеттілігі үшін азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар тиелген жүк көліктері, көршілес елге емделуге жіберілген адамдардан басқа Қазақстан азаматтарына облыс аумағынан Ресей Федерациясына шығуға тыйым салынады. Оған қоса облыс аумағына басқа өңір тұрғындары кіргізілмейді.

Соңғы жаңалықтар