28 Наурыз, 14:04 799 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирустан емделгендердің саны 14 адам болды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Жедел штабтың Телеграмм парақшасында елордада тағы бір адамның коронавирустан емделіп шыққаны жазылды.

«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 14 адам: Нұр-Сұлтан қаласында – 12, Алматы қаласында – 2 адам», –делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова: «Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйіне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Ешқандай шағымы жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», – деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар